Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты

405

0

Фото: ҚР СІМ

Бүгін Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты, деп хабарлайды Kazinform Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетуде.

Сонымен қатар ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне құжат рәсімдеу мәселелері қаралу үстінде. 

Еске сала кетейік, Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өткенін хабарлаған болатынбыз. 

Айта кететін жәйт, ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр.

Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады.

Қазақстандықтарды елге жеткізу үшін Үкімет эвакуациялық борт жолдайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<