Газоблок өндірісінде шина қалдықтарын пайдалануда

441

0

Бүгінде жастар қарап отырмай, жеке кәсіпті ұршықша иіруде. Осындай азаматтардың бірі –жеке кәсіпкер Темірлан Жақсылық.

Жеке кәсіпкер Темірлан құрылыс жұмыстарына қажетті газоблок шығарумен айналысады. Бұл өнім ұзаққа төзімді, өртке қауіпсіз, экологиялық таза, жылуды сақтайтын, аз ғана үлес салмағы бар, түрлі өңдеулерге ыңғайлы құрылыс материалы.

Бұл жобаның ерекшелігі – газоблок өндірісінде шина қалдықтарын қолдануда.
Өз кәсібін қайтарымсыз грант қаражатына, одан бөлек өз қаражатын қосып бастаған. Әзірге өнімді жеке үй-жай салып жатқан азаматтар мен түрлі ғимараттар құрылысын жүргізіп жатқан құрылысшылар тапсырыспен алдырып жатыр. Өзіне қажетті құрал-жабдықтарды Атырау қаласынан алдырған.

  • Айына 2000 штук газоблок өндіреміз. Шина қалдықтарын дайын өнім ретінде Алматы қаласынан алдыртамыз. Алдағы жоспарымыз-шиналарды қайта өңдеу машинасын сатып алуға, ол кезде СТО, ауыл тұрғындарынан шиналарды қабылдай аламыз,- дейді кәсіпкер.

Алдағы уақытта тағы да қаржы көздерін қарастырып, кәсібін кеңейткісі келеді. Бүгінгі таңда өзінен бөлек 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<