Геннадий Головкин ХОК Olympism365 Комиссиясының өкілдерімен кездесті

214

0

Фото: Қазақпарат

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындары аясында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада комитеті Olympism365 Комиссиясының төрағасы Аувита Рапилла және Olympism365 бойынша ХОК директоры Олли Дадфилдпен кездесті.

Аталған кездесу Париждегі (Франция) 2024 жылғы Олимпиада ойындары аясында өтті. Сондай-ақ, жиынға Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева, ХОК комиссиясының мүшесі, Зимбабве ҰОК президенті Табани Гонье және ХОК өкілдері Айя Медани мен Шамиль Тарпищев қатысты.

Кездесудегі басты тақырып Olympism365 Комиссиясының тікелей қызметі жөнінде өрбіді. Аувита Рапилла Комиссияның ең басты міндеті – тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды фактор ретінде спорттың рөлін күшейтуге бағытталғанын кеңінен әңгімеледі.

Сонымен қатар, Аувита Рапилла Геннадий Головкинді Olympism365 Комиссиясының мүшесі ретінде тағайындалуымен құттықтап, оған Қазақстан ҰОК президенті қызметінде сәттілік тіледі.

Геннадий Головкин өз кезегінде ХОК президенті Томас Бах пен Olympism365 Комиссиясының төрағасы Аувита Рапиллаға сенім артып, қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді.

Айта кетелік, аталған Комиссия құрамындағы Геннадий Головкиннің алғашқы ресми отырысы биылғы жылдың қарашасында Лозаннада (Швейцария) өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<