Шет елдік маманмен семинар өтті

1540

0

   Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және QMED медициналық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Реабилитациялық және физиотерапиялық емнің Европалық стандарттары» атты біліктілікті арттыру курсы мәресіне жетті.

  Шараға басқарма басшысы Сәбит Пазылов, аталған орталық директоры Раушан Ахметуллақызы, Германия кинезитерапевті Эвелин Эбингер және шет мемлекеттерден маман шақыртуға үлкен үлес қосқан Мадина Төлепова қатысып, мамандарға сертификат табыстады.

– Реалибитация – Қазақстан үшін жаңа сала секілді. Дамытуды, гүлдендіруді қажет етеді. Кәсібилікті дамытатын курстар арқылы уақыт өте келе үздік медицина бөлімі болады. Мен үйреткен ілім – үлкен ғылым саласының тек кішкене бөлігі ғана. Дегенмен де, алған білімдеріңізді практика жүзінде іске асырасыздар деген ойдамын, − деді кинезитерапевт Э.Эбингер.

    Қоғам құрдымға кетпеуінің алғышарты – адам денінің саулығы. Ұлт саулығын күзетуші мамандардың білім дәрежесін жаңартып отырудың да себебі осыда. Квалификация дағдыларын дамытып, курсқа қатысушы мамандардың айтуынша, 3 аптаға созылған тәжірибе алмасудың үйретері көп болғанын, оның ішінде дене жаттығуларының пайдасы жайлы толығырақ тоқталғанын жеткізді. 1 айға жуық созылған сабақ үшін Германия маманына алғыстарын білдірді.

    Шара соңында шетелдік маманға суретші Әлібек Қойлақаевтің картинасы, қобыздың мүсіні сыйға тартылып, қамзол жабылды.

Шет елдік маманмен семинар өтті

– Қоғамның саулығы қашан да маңызы аса зор мәселердің бірі боп қала бермек. Эвелин ханым шақырылатын мамандардың бастамасы. Өзге мемлекеттерден түрлі сала эксперттерін қонақ ету жоспарда бар. Сабақ алар семинарлар міндетті түрде өз жалғасын табады, − деді С.Пазылов.

Орталық директоры өзге салалардың 12 түрлі майталманын аймаққа шақыртып, тәжірибе алмасу ойында барын айтты.

Мерей КӨШЕРБАЙ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<