Германиядағы Лейбниц институтының зерттеушісі Сыр өңіріне келді

1227

0

Бүгін Германиядағы Лейбниц институтының зерттеуші-постдокторанты Екатерина Михайлова Сыр өңіріне далалық зерттеулер жүргізу мақсатында іссапармен келді. Мәртебелі мейманды Достық үйінде облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы және өңірлік Өзбек этномәдени бірлестігінің белсенділері және облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері күтіп алды.

Лейбниц институтының зерттеуші-постдокторанты Екатерина Михайлова Қызылорда қаласына келудегі басты мақсатын айтып, өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелерімен емен-жарқын сұхбат жүргізді.

Зерттеуші-постдокторант Екатерина Михайлова «Мен Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің екіжақты өзара іс-қимылының қалыптасуы мен дамуын, олардың шекаралас өңірлерін, жұмыс істейтін мәдени орталықтар мен бизнес-ұйымдардың екіжақты диалогқа қатысуын зерттеп жүрмін. Бұл зерттеу жоба Германияның ғылым және зерттеу министрлігі қаржыландыратын «Шығыс Еуропадағы қақтығыс пен ынтымақтастығы: қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің салдары атты зерттеу бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда», – деді.

Сұхбат үш бағыт бойынша жүргізілді. Бірінші Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты бағалау, екінші Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығына өңірлік өзбек этномәдени бірлестігінің ықпалы, үшінші Қазақстан-Өзбекстан шекарасы жайлы болды.

Өзбек бірлестігі жетекшісінің және облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің орынбасары Манзура Абдугафарова, бірлестік мүшелері Сәуле Шаимкулова, Тамара Абдугафарова сұрақтарға жауап беру барысында, екі елдің ынтымақтастығы неғұрлым тығыз және табысты екендігін алға тартты. Қазақ пен өзбек ежелден достығы мызғымас, сыйластығы жарасқан бауырлас халықтар. Екі елдің салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі, діні ұқсас. Тарихы тамырлас, тағдырлас елдеріміздің мақсат-мұраты да ортақ екендігін сөз етті.

Сұхбаттан соң германиялық зерттеуші өзбек этномәдени бірлестігінің жұмыс кабинетімен танысты.

Германиядағы Лейбниц институтының зерттеушісі Сыр өңіріне келді
Германиядағы Лейбниц институтының зерттеушісі Сыр өңіріне келді
Германиядағы Лейбниц институтының зерттеушісі Сыр өңіріне келді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<