2100 жылға қарай орташа жаһандық температура 29°C-тан асуы мүмкін. Бұл адам өмірі үшін оңтайлы ауа температурасынан (13-тен 25°C-қа дейінгі аралықтан) жоғары деп хабарлайды turkystan.kz.
Ғалымдардың айтуынша, ғасырдың аяғында адамзаттың бестен бір бөлігінен астамы қауіпті ыстыққа тап болуы мүмкін. Ол уақытта күннің жылынуы қазіргі климаттық деңгейден 2,7°C жоғары болады. Мұндай зерттеу Ұлыбританиядағы Эксетер университетінің Nature Sustainability журналында жарияланған мақаласында жазылған деп хабарлайды Euronews.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, орташа жаһандық температура 29°C-тан асады. Ол кезде адамдар өмір сүру дағдысын өзгертуі мүмкін. Адамдар үшін оңтайлы температура 13-тен 25°C-қа дейін болады.
Үндістан сияқты кейбір елдер қазірдің өзінде антропогендік жаһандық жылынудың, соның ішінде ыстықтан болатын өлімнің әсерінен зардап шегіп жатыр.
Мұндай климат адамдардың жұмыс істеуіне, ойлау және оқу қабілетіне де әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ егінге кері ықпал етеді, жұқпалы аурулардың және жүктілік кезіндегі асқынулардың ықтималдығын арттырады.
Қалыпты температура өзгерген сайын адамдар үйлерін тастап кетуге немесе салқын климаты бар елдерге қоныс аударуға мәжбүр болады.
Үндістан әлі де қатты ыстыққа ұшыраған ең көп зардап шеккен елдердің бірі бола бермек. Одан кейінгі тізімде Нигерия, Индонезия, Филиппин және Пәкістан тұр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<