Ғалымның бестомдығы

1403

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қоры ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжановтың «Алгорифм» баспасынан жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі бестомдығымен толықты.    

Шығармалар жинағының «Табалдырық» атты 1-кітабына  ғалымның 1979-1991 жылдары жазған еңбектері топтастырылған. Мұнда Қазақстан мәдениеті мен интеллигенциясының, ауыл-селосы мен демографиясының тарихы зерделенген.

«Тағдыр» атты 2-кітабына Қазақстан тарихының өзекті тақырыптары, соның ішінде ХІХ-ХХ ғасырлардағы орын алған елеулі оқиғалар мен тұлғалар тағдыры сөз болады.

Шығармалар жинағының «Тұлға» атты 3-кітабы әр ғасырда өмір сүрген 40-қа жуық ұлы дала тұлғасының мұрасы мен ұлттық тарихтағы орны туралы. Деректер мен пайым-тұжырымдар Отан тарихындағы ақтаңдақтарды жоюға септеседі.

Төртінші «Тарту» аталатын кітабында автордың тәуелсіздік тұсында жазған еңбектері  топтастырылған. Ұлт тарихындағы бетбұрысты оқиғалар мен өзгерістер нәтижесі баяндалады.

Ғалым жинағының «Тарихшы» атты бесінші кітабына автордың еңбектері мен естеліктеріне қоса замандастарының ол туралы әр жылдары жазған ой-пайымдары енген.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<