Ғасырмен үндескен басылым

98

0

Мұнан соң облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шәменов пен бірқатар зиялы қауым және қос басылымда ұзақ жылдар еңбек еткен аға буын ардагерлер сөз сөйлеп, газеттің тарихынан сыр шертті.

Іс-шара барысында аға басылымдарда табысты еңбек еткен бірқатар журналистер марапатталды.

Мәселен, басылымның 90 жастан асқан ардагерлері Қайырбек Мырзахметов пен Рысты Бекбергенова облыстың ең жоғарғы наградасы «Құрмет грамотасын» иеленсе, «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы Жұматәлі Әбдіраманұлына, Қызылорда облысының «Құрметті ардагері» медалі Мейрамбек Шілдебаев, Бисенкүл Қарабөпе, Қазыбек Ботаевқа табысталды. Сондай-ақ басқа да бірқатар қызметкерлерге төсбелгілер мен алғыс хаттар берілді.

«Сыр бойы» газеті – Сыр өңірі журналистикасының тарихымен тығыз байланысты. 95 жылдық ғұмырында басылым қазақ әдебиетінің көптеген қабырғалы қайраткерлерінің алғашқы шығармаларын жариялап, талантын шыңдаған шығармашылық ұстаханаға айналды. Әдебиет пен журналистиканың дамуына өлшеусіз үлес қосқан басылымның беттерінде ғасырлар үніндей тың туындылар жарық көріп, елдің рухани байлығын еселеді.

Бүгінгі шарада ардагер қаламгерлер мен қазіргі буын өкілдерінің еңбегі ерекше аталып өтті. Бұл 95 жылдық мерейтой қос газеттің шығармашылық дәстүрінің үзілмей, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<