Ғылымның дамуы – елдің дамуы

1063

0

12 сәуір- Ғылым қызметкерлерінің күні. Осы датаға байланысты бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте экономика ғылымдарының кандидаты Алмакүл Әбдімомынова ғылым саласындағы жаңалықтармен бөлісті.

Бүгінде облыста 500-ге жуық ғылыми қызметкер бар. Айтулы күнге байланысты университетте «Әлемді ғылым құтқарады» тақырыбында ғылым декадасы басталды. 1-29 сәуір аралығында ғылымды дамытуға байланысты іс-шаралар, халықаралық конференциялар, кездесулер өткізіледі. Айта кетейін, «500 ғалым» жобасы аясында Мәскеу мемлекеттік университетінен біржылдық тағылымдамадан өттім. Бүгінде ауыл шаруашылығын цифрландыруға байланысты ғылыми жоба дайындалуда. Жобаға қаржылық қолдау болса, алдағы уақытта жүзеге асатын болады, – деді Алмакүл Шәкірбекқызы.

– «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияның Тюбинген университетінен ғылыми тағылымдамадан өттім. Қазіргі уақытта отандық ғылыми мекемелермен қатар шетелдік ғалымдармен де әріптестік орнатылуда. Мәселен, Тюбинген университетімен қатар Германия археология институтының Берлин қаласындағы филиалымен де әріптестік байланысты нығайттық. Сондай-ақ, Батыс Еуропа археологиясы туралы мағұлматтар алып, археология ғылымында жартылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану, елімізде енді дамып жатқан «ландшафты археология» туралы қажетті ақпарттар алдым. Алдағы уақытта ғылыми зерттеу әдістерін өзіміздегі зерттеу жұмыстарында қолданылатын болады. Университет жанындағы «Археология және этнография» орталығының бекітілген жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізетін болады. Жанкент қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстары енді Халықаралық Түркі Академиясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізіледі. Одан бөлек, облыстық бюджеттің есебінен Жанкент, Бәбіш Мола, Сығанақ қалашықтарына жылдағыдай дәстүрмен жалғасатын болады. Алдағы жоспарларымыз легі ауқымды, – деді Археология және этнография ғылыми орталығының жетекшісі Әзілхан Тәжікеев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<