Алматыда өткен эстетикалық топтық гимнастикадан ашық чемпионатта жерлестеріміз І орынның биігін бағындырды.
8 бен 10 жас аралығындағы спортшылар арасында Зерде Салават, Əмина Бағдатова, Дарина Ізбасарова, Айзере Қалмағанбетова, Аяла Нұрсұлтан, Сымбат Садық жəне Айша Асылбек өнер көрсетті.
Сайыста еліміз бойынша 250 спортшы бақ сынасты. Ал өз жас ерекшеліктеріне қарай 7 команда арасында сынға түскен Сыр гимнастшылары ел үмітін ақтап жеңіс тұғырынан көрінді.
Дәулет ҚЫРДАН.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<