Головкин Альвареске талап қойды

288

0

Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші кездесу өткізуге дайын. Әйтсе де, отандасымыздың өз шарты бар. Бұл туралы WorldBoxingNews хабарлайды. 

Головкин кездесуді Лас-Вегастан басқа жерде ұйымдастыру туралы шарт қойды. Кездесу өтуі мүмкін жерлердің қатарында Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Техас бар. Жекпе-жек Еуропа елдерінің бірінде шатырлы футбол стадионында болуы ықтимал.

Қазақстандықтар сүйікті боксшысын мамыр-маусым айларында рингтен көруі ғажап емес. Альвареспен келісім-шартта ол кем дегенде екі жекпе-жекке қатысады. Ал болашақта кездесу саны 6-ға артуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<