Грекияның Сыртқы істер министрін қабылдады

276

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Грекияның Сыртқы істер министрі Николаос Дендиасты қабылдады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға баса мән беріліп, Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Грекияның Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасында маңызды серіктес елдердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел көпжақты алаңдарда өзара тығыз қарым-қатынас жасап келе жатқанын жеткізді.

– Грекиямен арадағы байланыстар біз үшін басымдық саналатынын тағы да атап өткім келеді. Біз өзара ынтымақтастық көрсеткіштерін жаңа деңгейге көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Президент.

Өз кезегінде Николаос Дендиас екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Біз Қазақстанды өңірдегі тұрақтылыққа кепіл болатын Орталық Азиядағы ең ірі және басымдыққа ие ел ретінде қарастыратынымызды атап өткім келеді. Грекия Сіздің еліңізбен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын, – деді министр.

Сонымен қатар олар әңгімелесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<