Гүлшара Әбдіқалықова: Аймақта 54 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі

607

0

Қызылорда облысында жыл ішінде жалға берілетін 945 пәтерлік 54 үйдің, оның ішінде Байқоңыр қаласында 250 пәтерлік 5 үйдің құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.

«Облыс бойынша мемлекеттік бюджет есебінен әлеуметтік әлжуаз топтарға арналған тағы 342 пәтер жеке құрылыс иелерінен сатып алынады. Сондай-ақ, 965 пәтерлік 44 ипотекалық үй және жеке инвесторлар тарапынан 248 пәтерлік 7 үйдің құрылысы жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс салушылар, банктер және өзге де мүдделі ұйымдармен тұрғын үй саясатын дамытудың жаңа бағыттарын, оның ішінде жеке тұрғын үй қорында кезекте тұрғандар үшін жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізуді талқылаудамыз. Қазіргі таңда кезекте 30 690 адам тұр», – деді облыс әкімі.

Жыл соңына дейін жеке тұрғын үй құрылысын қосқанда, шамамен 645 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<