Гүлшара Әбдіқалықова Түркістандағы музықалық-драма театрдың ашылуымен құттықтады

1048

0

«Қазан айының 9-ында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай қасиетті Түркістан қаласында ашылған заманауи музыкалық-драма театрының салтанатты шарасына қатысып, Сыр жұртшылығы атынан құттықтадым.

Гүлшара Әбдіқалықова Түркістандағы музықалық-драма театрдың ашылуымен құттықтады

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен жаңғырып, жасарған киелі Түркістан шаһары Алаш арысы Мағжан Жұмабаев ақын айтқандай бүгінде «Екі дүние есігі, ер Түріктің бесігіне» айналып келеді.

Көрерменіне төрін ұсынған әсем де еңселі театр ғимараты осы сұлулықтың көркін толықтырып тұрғандай көрінсе, жаңа театр шымылдығының қазақтың тарлан жазушы-драматургі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің Бөрте жайындағы тарихи-көркем дүниесімен ашылуы онан әрі сән-салтанатқа бөлегендей болды.

Спектакльді арнайы шақырылған әйгілі итальяндық театр режиссері Давиде Ливермор қойыпты.


Әлемді жаулаған даңқты қолбасшы Шыңғысханның жары болған, тағдыры драма мен трагедияға толы батыл да ержүрек, әрі дана, әрі сұлу Бөртенің тағдыры баяндалады.

Еліміздің танымал актерлері мен Түркістан музыкалық-драма театрының жас драмалық және балет әртістері қатысқан қойылым көрерменін жаулап алды деуге болады.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, бүкіл түркі халықтары үшін қастерлі қара шаңырақ – Түркістан қаласында ұлттық реңк пен мәдениетіміздің құнары жаңа заманмен үйлескен музыкалық драма театрдың ұстаханасынан руханиятымызды ұлықтар талай талантты тұлғалардың шығарына бек сенеміз. Әлемге рухты даңқы жайылып, бүкіл қазақтың, Түркістанның қадір-қасиетін танытатын театр ұжымы болады деп білеміз.


Барша түркі әлеміне ортақ Түркістан жасай берсін!» деп жазды аймақ басшысы фейсбук парақшасында.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<