Фото: ашық дереккөз
Жеңіл салмақтағы экс-UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ММА индустриясынан кететінін айтты.
Спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жек әлемінен кетіп жатқанын айтқан басылымға репост жасады.
– Хабиб күнкөріс үшін ММА индустриясын тастап жатыр. Бұл оның жаттықтырушылық мансабына және ММА-ға байланысты барлық нәрсеге қатысты. Мұның себебі Хабиб отбасына уақыт бөлгісі келеді, – делінген жазбада.
Бұған дейін Нурмагомедов командасымен кездесу өткізіп, одан кейін бірлескен суретін жариялап, пікір қалдырды:
Жыл қорытындысы шықты. Жыл табысты болды. Сау болыңыз. Менің шешімім тек пайда әкеледі деп үміттенемін, бәріңізді қатты құшақтадым! Спорттағы жетістіктеріме үлкен себепкер болдыңыздар, рахмет, – деді ол.
Белгілі ресейлік файтер Магомед Исмаиловтың жаттықтырушысы әрі ағасы Рамазан Исмаиловтың айтуынша, Хабибтің шешіміне Дубайда кездескен әйгілі ислам уағызшысы Закир Наик әсер етуі мүмкін.
– Онымен әңгіме әсер етуі мүмкін. Бірақ мен мұндай нәтижеге сенбеймін. Оның лигасы бар, алдында маңызды жекпе-жек күтіп тұрған Ислам Махачев бар. Мұны қалай қалдыруға болады? – деді Исмаилов.
Айта кетейік, 34 жастағы Хабиб Нурмагомедов UFC-де 2012 жылы алғаш рет шықты. Промоушенмен 13 жекпе-жек өткізіп, 13 жеңіске жетті. 2020 жылдың 24 қазанында америкалық Джастин Гетжиді жеңгеннен кейін Нурмагомедов мансабын аяқтайтынын жариялады. Жалпы алғанда, ол ММА ережелері бойынша 29 жекпе-жекте 29 жеңіске жетті.
Хабиб мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік қызметке кірісті. Оның жетекшілігімен отандасы Ислам Махачев 2022 жылы жеңіл салмақта UFC чемпионы атанса, оның туысы Усман Нурмагомедов сол салмақта Bellator белбеуін жеңіп алды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<