Халқының туған бағына

842

0

Жанқожа Нұрмұхамедұлының 250 жылдығына орай Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ә.Жақсылықұлы атындағы орталық саябақта «Ел қорғаны – ер Жәкем» атты рухани іс-шара өтті.

Ол мәдениет үйі жанындағы халық театры өнерпаздарының «Арықбалық шайқасы» атты қойылымымен бастау алды. Қызылорда облысының және Қазалы ауданының Құрметті азаматы Самұрат Имандосов пен аудандық мәслихат хатшысы Ғазиз Әліш жиналған қауымды батыр бабаның 250 жылдығымен құттықтады.

Мереке «Ерлігі ұрпағына ұран болған» атты облыстық жыр-дастан орындаушылардың фестиваліне, «Халқының туған бағына, батыр баба Жанқожа» тақырыбындағы аудандық жазба ақындар  мүшәйрасына, «Жаса, жайна туған жер» атты гүлдер көрмесіне және «Сиқырлы қалам» аудандық суретшілер байқауына ұласты. Байқауға қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.

Ауыл тұрғындарының демеушілігімен батыр бабамыздың рухына ас беріліп, ұлттық спорт ойындары өткізілді. Көкпар, аударыспақ, қазақ күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс, т.б. бойынша жүлде тігілді. Кешкілік Қазалы ауданының өнерпаздары концерт қойды.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,

«Сыр бойы»

Жанқожа батыр ауылы,

Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<