Халық күткен жолдау

1031

0

Бәрімізге белгілі Мемлекет басшысы Конституциямен бекітілген міндеттеріне сәйкес, Қазақстан халқына елдің саяси, әлеуметтік – экономикалық дамуына байланысты жыл сайын арнайы жолдау  жолдайды. Жыл сайын әр жолдауды халық асыға күтіп, жағымды жаңалықтар мен келелі өзгерістерді күтетіні анық. Ел Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 16 наурыз 2022 жылы арнаған жолдауы халыққа ерекше әсер етті. Себебі, халықтың көптен күткен әкімшілік-аумақтық құрылыстарды басқаруға қатысты шешімдері, оның ішінде елдің экономикалық әлеуметтік жағынан сұранысқа ие болып отырғанАбай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуы. Жолдауда ел Президентінің Қапшағай қаласының атауын халықтың жүрегінен орын алған қазақтың біртуар ұлы Д.Қонаевтың атымен  ауыстыруға  ұсыныс жасауы ұтымды жасалған пікір деп есептеймін.

Сонымен қатар, еліміздің саяси жүйесінде де алдағы уақытта басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға біржола көшу туралы айтылды, Мұндай жүйе билік институттарының тепе-теңдігі оңтайлы болуын қамтамасыз етіп, елімізді орнықты дамытуға септігін тигізеді. Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде ресімдеуді ұсынды. Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға тыйым салынатындығы ашық айтылды.

Мемлекеттіміздің құқық қорғау саласына қатысты тың ақпараттар айтылды. Елімізде алдағы уақытта Конституциялық сот құрылады. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін беріледі. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенеміз. Сондай-ақ, институционалдық тұрғыдан тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді. Оған қоса азаматтарымыздың конституциялық құқығының қорғалуын жақсарта түседі деп үміттенеміз. Осы жолдауда айтылған тапсырмалар уақытылы орындалса, Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет болып қалыптасуында өзіндік үлес болары сөзсіз. 

Еркемай САНИЯЗОВА, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<