Халық қалаулылары Шиелі ауданына жұмыс сапарымен келді

535

0

Шиелі ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов пен Мәжілістегі «AMANAT» партиясының фракция мүшелері Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаев бүгін Ә.Тәжібаев ауылының халқымен кездесті.

Кездесуде халық қалаулылары атқарылған жұмыстар мен жаңадан енгізілген заң талаптары мен халықтың ұсынысына сәйкес жасалған түзетулер мен өзгертулерге тоқталып өтті. Аз уақытта басталған ауқымды бастамалар шеңберінде ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, депутатар заң аясында сүйемелдеу жұмыстары жасалып, зерделенетіндігін жеткізді.

Ауыл ақсақалдарының ақ батасын алған Сенат және Мәжіліс депутаттары Шиелі кентінде салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл ғимаратты пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың шілде айына жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған.

Мұнан соң, депутаттар құрылысы жүріп жатқан Байсын ауылындағы 250 орындық мектеп құрылыс жұмыстарымен танысты. Нысанға облыстық бюджеттен жалпы 937 млн 558 мың теңге қаржы қаралған. Бас мердігер: «Авангард ПГС» ЖШС, Техникалық қадағалаушы: «Әсем Құрылыс Қызылорда» ЖШС. Аталған нысан осы тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Парламент депутаттары мердігерге бөлінген қаржының мақсатты игерілуі мен құрылыстың сапасы және мерзімінде аяқталуын тапсырды.

Келесі кезекте, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рустемов, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Шиелі кентіндегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылыс жұмыстарымен танысты. «Шиелі кентіндегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысы» 2020 жылдың мамыр айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Бас мердігері «Жабдықтау» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы – 709 737 410,59 теңге. Авторлық қадағалаушы «Сартөбе» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушы «Крез-Сервис» ЖШС-гі. Жоба бойынша әр тұрғын үйде 12 пәтер 2 бөлмелі, 6 пәтер 3 бөлмелі. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаға қайта түзету жұмыстары енгізіліп жергілікті бюджеттен қосымша 113 миллион қаржы қаралды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, Нысан тамыз айында халық игілігіне беріледі» – деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дана Аман.

Халық қалаулыларының ауданға жұмыс сапары барысындағы елдің тілегі орындалу үшін алдағы уақытта жүйелі істер өз жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<