Халықаралық әскери-патриоттық ІХ жастар жиыны өтеді

422

0

1йбын7-23 маусым аралығында Қарағанды қаласы, «Спасск» полигонында «Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық IX жастар жиыны өтеді. Оған Сыр өңірінен үздік деп танылған 15 жас сарбаз қатысады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов хабарлады.

– ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын жас сарбаздардың қатысуымен «Айбын» әскери-спорттық сайыс өткізіледі. Жарысты өткізудегі басты мақсат – жастар арасындағы патриоттық рухты көтеріп, күрделі әскери тактикаларды тереңінен меңгерту болып табылады. Биыл әскери-патриоттар жиыны халықаралық деңгейде өткізілмекші.

Осыған орай, Сыр өрендері сайысқа тыңғылықты дайындалып, өздерінің тәжірибелерін жинақтады. Осы еңбектерінің арқасында биыл сырбойылық өрендеріміз топ жарып, жеңіске жетеді деген үмітіміз бар. Жас сарбаздарымызға сәттілік тілейміз!, – деді Алмат Алмасұлы.

Биыл IX «Айбын» әскери-патриоттық жиынына Әзірбайжан мен Өзбекстан мемлекеттерінен келген сарбаздар қатысады. Жалпы жиында 42 команда өзара бақ сынасады. Сайыс барысында «Айбын жұлдызы» «Смарт Сарбаз» және әскери қолданбалы спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылмақшы. Осыған орай, қызылордалық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, үздіктер қатарынан көрінеміз деген ниетіміз бар, – деді «Жас Сарбаз» жасөсіпірмдер әскери-патриоттық қозғалысы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әкімжан Төлебай.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<