Халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

236

0

Фото: ашық дереккөз

Ирландияның Дублин қаласында өткен IGeO-2024 география бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан командасы 100% нәтиже көрсетіп, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды:

Ақжол Болат — Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;

Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;

Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы.

Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді — «Дарын» РҒПО директордың орынбасары және Мақсат Аубакиров — «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.

Айта кетейік, IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бастап Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<