Халықаралық сарапшылар қоғамдық кеңестің рөлін жоғары бағалады

545

0

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам». Қоғамдық кеңестердің қызметін қайта форматтау бойынша Астана қаласында қоғамдық кеңестердің III республикалық мәжілісі осындай тақырыппен өтті. Оған біздің облыстан қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов бастаған делегат қатысты.

Әртүрлі деңгейдегі қоғамдық кеңес арадағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылмақ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәжілісте осындай ұсыныс айтты. Жаңа алаң ішкі бәсекелестікті арттырып, кеңес мүшелері қызметінің міндетін дербес бағалауға мүмкіндік береді, дейді ведомство басшысы.

– Осы орайда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс немесе гранттық қаржыландыру аясында қоғамдық кеңес мүшелерін кәсіби жөндеуге бағытталған әлеуметтік жобаларды әрбір өңірде іске асыру мүмкіндігі ұсынылады. Соңғысы өздеріңізге мәлім былтыр қоғамдық кеңестер заңнамасы бірталай өзгертулер енгізілді. Алайда кеңестер қызметін жандандыру заңнамаға өзгеріс енгізумен ғана шектелмейді. Кез келген заңнама нормалары қоғамдық кеңестердің күнделікті қызметінде қолданылған жағдайда ғана біз оның нақты пайдасын көре аламыз, – деді министр.

Өзін-өзі басқару ұйымдарына халық сенімін арттыру үшін азаматтарды қабылдап, олардың мәселесін күн тәртібіне қою керек. Мұндай ұсыныс қоғамдық кеңестердің 3-ші республикалық мәжілісінде айтылды. Қазір елімізде барлығы 256 қоғамдық кеңес жұмыс істеп тұр. Оған 4000-ға жуық адам мүше. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл ұйымдарды институт ретінде дамытып, құзіретін кеңейту мақсатында бірнеше ұсыныс дайындаған. Оның ішінде республикалық деңгейде үйлестіру кеңесін құру, кеңес мүшелерінің қызметін бағалау механизмін енгізу, атқарылып жатқан жұмыс нәтижелесін бұқараға жеткізу және халықпен байланысты одан ары нығайту туралы бастамалар бар. Биыл қоғамдық бақылаудың 150 жобасы сәтті орындалды. «Жаңа Қазақстан» үлгісі осыған дәлел дейді ұйымдастырушылар.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<