Халықаралық жастар күнін атап өтті

252

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін ауданымызда Халықаралық Жастар күні атап өтілді. Бұл мерекенің мақсаты – жастардың қоғамдағы рөлін дәріптеп, олардың болашаққа деген үміттері мен арман-мұраттарын көрсету.

Шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы аудан жастарын құттықтап, оларға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады. Сондай-ақ, жастардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың жетістіктерін жоғары бағалады.

Мереке аясында бос орындар жәрмеңкесі мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынып, спорттық сайыстар олардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттырды.

Шара соңында аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. Ән-жырдан шашу шашып, жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<