«Халықтық бақылау» жобасы іске қосылады

373

0

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеру бойынша «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты, – деп хабарлады «Қазақпарат».

2025 жылғы 1 мамырдан бас­тап республикалық маңызы бар авто­­мобиль жолдарының сапасын тек­серу бойынша кең ауқымды «Ха­лықтық бақылау» жобасы іске қо­­сылады. Жобаның мақсаты – елі­міз­дің әрбір азаматын салынып жатқан республикалық маңызы бар авто­мобиль жолдары бойынша қоғам­дық бақылауға шақыру.

– «ҚазАвтоЖол» ұлттық компа­ниясы өз кезегінде анықталған кем­­шіліктер мен мәселелерге ден қойып, оны қысқа мерзімде ше­шуді қамтамасыз етпек. Жобаға қа­тысу үшін 1403 байланыс орта­лы­ғына хабарласып, өтінім қал­дыру керек. Нысандарды аралау кес­тесін «ҚазАвтоЖол» ұлттық ком­­­паниясының www.qaj.kz ресми сай­тынан көруге болады, – деді бас­қарма төрағасы Орталық комму­никациялар қызметіндегі брифингте.

Анонимді және қауіпсіз: Қылмысты ашуға көмектесе аласыз

ІІМ есірткі қылмыстары туралы анонимді хабарламаларға арналған телефон нөмірлерін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

– Жаңа есірткі қаупінің тез таралуына, жастарды заңсыз есірткі айналымына тартуда цифрлық ар­на­лардың қолданылуына бай­ланысты балаларымызды, жақындарымызды және еліміздің болашағын қорғау үшін күш біріктіруіміз қажет. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі қылмыстарын, әсіресе, оған кәмелетке толмағандарды тарту жағдайларын анықтау, жолын кесу және алдын алу бағытында бар күш-жігерін салып жұмыс істеп жатыр, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Ол бұл мәселені тек құқық қорғау органдарының күшімен шешу мүмкін емес екенін айтты.

– Сіздерді бейжай қалмауға ша­қырамыз. Балалар мен жас­өс­пі­рім­дердің мінез-құлқындағы өзге­рістерге назар аударыңыздар. Заңсыз сату бойынша күдік тудыратын ин­тернет ресурстарға, граффити мен кодтары бар жарнамаларға мән бе­ріңіздер, – деді Данияр Мейірхан.

Маңызды ақпаратты анонимді және қауіпсіз түрде хабарлауға болады. Бұл қылмыстың алдын алып, біреудің өмірін құтқаруға көмектесуі мүмкін.

Аутизмнің артуына екпенің әсері бар ма?

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың екпесіне қатысты сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кейбіреулер аутизммен ауыратын балалар санының артуына екпе әсер етіп жатыр деген ойда. «Балалар денсаулығындағы бұл ауытқуға ек­пенің қатысы бар ма?» деп сауал қойды журналист. Министр бұл пікірдің негізсіз екенін кесіп айтты.

– Бұл – миф. Себебі барлық мем­­лекет екпенің көмегімен бала­ларды инфекциядан қорғап келе­ді. Сон­дықтан мұны екпемен байла­ныстыруға болмайды, – деді министр.

Ведомство басшысының айтуын­ша, аутизм диагнозының жиі қо­йылуы медицинаның дамып, ерте анықтау мүмкіндігінің артқанымен бай­ла­нысты.

– Аутистикалық ауытқуы бар бала­лардың саны артып жатқандай көрінеді. Бірақ бұл – шын мәнінде ерте диагностиканың нәтижесі. Ауыт­қуды ерте анықтау өте маңызды. Себебі алдын ала ем жасап, бала мектеп жасына жеткенше қоғамға бейімделуіне көмектесуіміз керек, – деді Ақмарал Әлназарова.

«СБ» ақпарат