ХҚКО жұмысы тоқтай ма?

1142

0

ХҚКО-ның жабылуы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті. Азаматтарды дүрбелеңге берілмеуге шақырамыз.

Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ХҚО-лар шектеу шаралары енгізілгеннен кейін де санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырады.


Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шаралары қабылданып, фронт-офис ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмауға бағытталған жұмыстар қолға алынған.

Бүгінде облыс орталықтарының, республикалық маңызы бар қалалардың және кейбір аудан ХҚО-ларында қызметтерді тек алдын ала брон жасау арқылы ғана алуға болады. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз, тек «қағаз» қызметтер (100-ден астам қызмет) көрсетіледі.


Мұның бәрі азаматтардың көптеп жиналуын болдырмауға және вирус жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған.

Осыған байланысты, қазақстандықтарға, мүмкіндіктерінше, ХҚО-ға барудан бас тартуға және балама әдістерді қолдана отырып, қызметтерді онлайн алуға кеңес береміз, яғни. egov.kz порталын, eGovMobile мобильді қосымшасын немесе eGovKzBot2.0 телеграм-ботын қолдануға шақырамыз.

«»Азаматтарға арналған үкімет » МК

облыстық филиалының

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<