«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің өтуіне орай «Магистральдық желі бөлімшесі» БПҰ-ында жиналыс өтті.
Онда бастауыш ұйым төрағасы Ибраким Басықараев Елбасының съезде айқындап берген төрт әлеуметтік жобалары алдағы уақыттағы ұйым жұмысының негізгі бағыты болатынын тілге тиек етті.
«Бұл жобалар аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмек көрсету, ауылдық жерлерді көркейту, өңірлерді дамыту сияқты өзекті әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Сондықтан біздің ұйым осы жобаларды тиімді жүзеге асыруға жұмыс жасауы керек. Қазіргі таңда Елбасы бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасы біздің ұйымда нәтижелі жүзеге асырылуда. Ұйымдағы 69 көп балалы отбасы, 15- аз қамсыздандырылған отбасы, 9- мүгедек балалары бар отбасы, 19-жалғыз басты аналар, 8-мүгедектік топтағы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайлары толық есепке алынып, оларға әлеуметтік төлемдер уақытылы төленіп отыруы қатаң бақылауға алынған. Қолдау көрсету қаржылай да азық түлікпен де жүйелі түрде жүргізіліп отырады, сонымен қатар мүгедектікте отырған қызметкерлердің де үйлерінде болып, шаруашылықтарына қол көмектер көрсету дағдымызға айналған, – деді Ибраким Басықараев.
Жарыс сөзге шығып сөйлеген әрбір партия мүшелері жобалардың нәтижелі жүзеге асыру мәселелеріне тоқтап, жан -жақты талқылады.
Жиынға қатысқан «Nur Otan» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева қазақстандықтардың әл –ауқатын арттыруға бағытталған 4 әлеуметтік жобаны жүзеге асырудың тиімді жолдары туралы өз ойымен бөлісті. Оның ішінде «Халыққа көмек» жобасының мақсатын, азаматтарды алаңдатқан кез келген мәселенің жедел әрі нақты көмек көрсетуін партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері «Біріңғай әлеуметтік терезе» жүйесіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқтап, мәселелердің оңтайлы шешілуіне жасалған жұмыс жағдайларын айтты. Алдағы уақытта ұйым бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жаңа қарқынмен жұмыс істеуі керектігін де атап өтті.
Жиын соңында бастауыш ұйымнан «Теміржол» партия филиалының конференциясына 10 делегат сайланды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<