Ілгері басудың серпінді қадамы

732

0

Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан да қазір күрделі кезеңді бастан өткеруде. Уақыт тың бастамаларды, өзгерістерді талап етуде. Соңғы жылдары Қазақстан демократиялық үрдістерге жаңа серпін беріп, ел өмірін жаңғыртудың жолдарын іздестіруде. Бұл орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамды демократияландыруға деген батыл қадамдары құптауға лайық.

Президент кеше ҚР Парламентінің мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуін жариялады. Саяси шараның мерзімі белгіленді. Сонымен бірге Мемлекет басшысы үлкен саяси науқанның табысты өтуі үшін оның алдын ала алғы шарттары жасалғанын атап көрсетті. Бұдан шығатын қорытынды сайлау бұрынғыдан өзгешелеу сипатта болады. Оның демократиялық деңгейде өтетініне сеніміміз мол. Себебі, Президент қоғамның саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейтуді алдын ала тиісті шаралармен қамтамасыз еткен болатын. Осы бағытта қажетті шешімдер қабылданды. Парламенттік оппозиция өкіл­деріне сессия кезінде бірқатар артықшылықтар берілетін болды. Осының барлығын Пре­зиденттің кепілдігі деп түсінгеніміз абзал. Өйткені, Қазақстан әлемдік өркениеттің құрамдас бөлшегі ретінде алға жылжудың батыл қадамдарын жасап отыр. Бұл алдағы сайлаудың басты ерекшелігі болады деп есептеймін.

Уәлихан Ибраев,

облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<