Илон Маск компаниясы Қазақстан ауылдарындағы 2 мың мектепті интернетке қосады

616

0

SpaceX компаниясы Қазақстан ауылдарындағы 2000 мектепті интернетпен қамтамасыз етеді. Кazinform бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алдын ала келісім бойынша Starlink компаниясымен SpaceX технологиясының көмегімен ауылдағы 2000 мектепті интернетке қосу жоспарланып отыр.

Бүгін Digital bridge форумының алаңында SpaceX Starlink бизнес-операциялары жөніндегі директоры Лорен Дрейер Қазақстандағы 2000 ауылдық мектепке жоғары жылдамдықты интернетті қосу бойынша ынтымақтастықты ұсынды.

Уағдаластықтардың келесі кезеңдері туралы қосымша хабарланатын болады», – делінген министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Айта кетейік, Digital bridge форумы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев SpaceX компаниясының Starlink мәселелері жөніндегі вице-президенті Лорен Дрейермен кездесті. Л. Дрейер StarLink компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту жөніндегі жоспары, атап айтқанда, еліміздің шалғай ауылдарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жобасы туралы айтты.

Сондай-ақ бүгін белгілі болғандай, елімізде жұмысқа қағаз анықтамасыз орналасу мүмкіндігі жасалады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, алдағы уақытта QR-кодпен жұмысқа орналасып, еңбек келісімшартына қол қоюға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<