Індет жұқтырғандардың 82 проценті жазылды

708

0

                     Жыл басынан бері облыс бойынша 14 859 адамның індет жұқтырғаны анықталса, бүгінде оның 82 проценті жазылған. Ал, пневмониямен ауырған 2019 науқастың 1741-і яғни 86,2% емделіп шықты. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулықсақтау басқармасы басшысының орынбасары Жалғасбек Үсенов мәлімдеді.

Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал қатаң бақылауда. Қазіргі таңда инфекциялық төсек-орын саны 2160, оның ішінде реанимациялық төсек-орын саны 164, бүгінге жүктеме 49,5  процентті құрап отыр. Резервтік орын санын қосқанда 3200 төсек-орны әзірленіп, оның 518 орны орталықтандырылған оттегімен жабдықталған.

             – Облыста режимді түрде 6 оттегі шығару станциясы жұмыс жасауда.Дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына қажетті медициналық кадрлар мен құрал-жабдықтар жеткілікті. Атап айтқанда, медициналық ұйымдар 686 оттегі концентратор, 251 ӨЖЖ, 8 компьютерлік томограф, 66 рентген аппараты мен қамтылған. 11 ПТР аппараты іске қосылған. Тәулігіне 1300-1500 аралығында сынама алынуда. Қажеттілік туындағанда зерттеу санын 3500-ге дейін жеткізуге мүмкіндігіміз бар» ,– деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

                Сонымен қатар, облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның 65,9%-ыяғни 264 502 адам вакциналанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<