Инфляция 2024 жылы 8% төмендейді – Ұлттық банк болжамы

586

0

Фото: mail.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляция бойынша келер жылға болжам жасады, деп хабарлайды Kazinform.

«Жылдық инфляция соңғы сегіз ай бойы төмендеп келеді. Оның қазіргі деңгейі ақпан айындағы (21,3%) көрсеткіштен 10,8% яғни 2 есе төмендеді. Инфляцияның төмендеуіне сыртқы инфляциялық қысымның әлсіреуі себеп. Сондай-ақ Үкіметтің нақты шаралары мен Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты ықпал етті. Азық-түлік инфляциясы 10,4% баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 11,1% төмендеді. Қазан айында қызметтер бағасының өсімі 11,0% болды», – деді Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысында.

Банк басшысының айтуынша, Қазақстанда қазіргі экономикалық жағдай тұрақты және оң динамиканы көрсетіп отыр. Оның ішінде жалпы ішкі өнім қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 4,7% артты. Биыл негізгі капиталға салынған инвестиция 9 айда 12,1% өскен.

«Біздің болжам бойынша, инфляция 2024 жылдың соңында 8%, 2025 жылы орта есеппен 6% төмендейді. Кейін 5% деңгейінде сақталады. Ұлттық банк инфляцияның біртіндеп тұрақтанып келе жатқанын ескере отырып, тамыз бен қазан айы аралығында базалық мөлшерлемені, 2 рет 16,75%-тен 16%-ке дейін төмендетті», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<