Инклюзивті білім беру процесіндегі мектепке дейінгі ұйымдар мен ата-ананың рөлі

26

0

Қазақстан «Баршаға арналған білім» (EFA), ерекше қажеттіліктерді білім берудің принциптері, саясаты мен тәжірибесі туралы Саламанка декларациясы және Дакар негіздемелік келісімі сияқты жаһандық бастамаларды қолдады. Заң барлық азаматтардың жынысына, ұлтына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, тіліне, дініне, денсаулық жағдайына қарамастан, тегін мектепке дейінгі, бастауыш, жалпы орта және кәсіптік білім алуға, сондай-ақ тегін жоғары білім алуға құқығы бар екенін белгілейді. Дамуында ауытқуы бар баланы дені сау балалармен бірге білім беру кеңістігіне қосу мәселесі, оны шешу жолдарын іздестіру қазіргі білім берудің ең өзектімәселелерінің бірі болып табылады. Ата-ананың, отбасының әлеуеті оны шешуге пайдаланылса, инклюзивтілік мәселесі сәтті әрі үйлесімді шешілмек деп ойлаймыз.

Қазақстан РеспубликасыОқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрықтың «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту» 1-тарауының «Жалпы ережесінің» 10-тармағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды мектепке дейінгі ұйымдардың меншік нысанына қарамастан қамту міндеттелген. Сонымен қатар, «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы»2022 жылдың 12 қаңтарында №6 бұйрығында қолдау көрсетілген.Инклюзивтібілім беру бұл балаларға оқытуда және жетістікке жетуде, жақсы өмір сүруге мүмкіндіктер беруде қолдау көрсете алады. Инклюзивті білім беру – мерзімді, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу процесін сипаттау үшін қолданылады.Инклюзивті білім беру идеологияға негізделген, ол балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті болдырмайды, бұл барлық адамдарға тең қатынасты қамтамасыз етеді, бірақ ерекше жағдайы бар балалар үшін ерекше жағдайлар жасайды.Оның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар үшін кедергісіз, қауіпсізорта құру.Инклюзивті білім беруге көшу кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын сүйемелдеу келесі аспектілерге негізделуі керек. Отбасы – бұл бала өмір сүріп қана қоймай, оның адамгершілік қасиеттері, адамдармен қарым-қатынасы, идеялары мен қоршаған әлемге деген қызығушылығы қалыптасатын микроқоғам. Дәл отбасында баланың одан әрі дамуын және оның танымдық және әлеуметтік мүмкіндіктерін айқындайтын жағдайлар жасалады.Л.С.Выготский ұстанымы бойынша «Баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ересектер анықтайды және ұйымдастырады. Бұл процестің ең маңызды доминанттары, бір жағынан, педагогтер, екінші жағынан, ата-аналар». «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы тұжырымдама негізінде қамтылып отырған балалармен мектепке дейінгі ұйымдарда арнайыпсихологі, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопедмамандары жұмыс жасайды. Егер ата-анасы баласын арнайы балабақшаларға жібергісі келмесе, ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.

Шалва Александрович Амонашвилидің «Өзіңнің жүрегіңді ашу керек. Тағы бір міндет –мұқтаж адамды шабыттандыру. Оған сенім білдіру арқылы шабыттандыру. Мұндай педагогика мүмкін, ол бар және де ол жағдайларға тәуелді емес.Жағдайларды жасаушы мен болып табыламын. Мен қайда болсам,менің педагогикам – менің жүрегім,менің санам – сонда» – деген сөздерінде балаларды жастайынан өмірге бейімдеуге, әлеуметтендіругетәрбиелеу керек деп түсінемін. Қазіргі таңда барлық мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру мақсатында біршама жұмыстар ата-аналармен бірлесіп өткізіледі. Әрбір коммуникативті эмоционалдық ерік-жігерінің бұзылысы балаларға педагог-ассистенттер бекітілген. Қазіргі уақытта ата-аналармен жұмыстың ең басым бағыттары дөңгелек үстелдер, семинарлар, коучинг, тренингтер, сұхбаттар, кездесулер, буклеттер дайындау және тарату, постер материалдарын безендіру болып табылады.

Балабақшаменпен отбасының бірлескен тәрбие мен оқыту үдерісібілім беру мекемесіне қойылатын заманауи талаптарға сай келетін мамандарының мақсатты, жүйелі жұмысымен құрылады. Отбасы тәрбиесінің нәтижесіндежауапкершілік пен қызығушылық, балалардың педагогикалық мәдениетінің мақсаттылығы мен жүйелілігі қалыптасады. Педагогтың отбасымен байланыс орнату жұмысында келесі жайттарды ескеру қажет.

Қорыта келгенде,ЮНЕСКО инклюзивті білім берудің ең әмбебап анықтамасын барлық балалар үшін сапалы білімге тең қолжетімділікті білдіретін тұтас құбылыс ретінде берді. Инклюзивтіоқыту– балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.Мұндай оқыту түріарнаулыбілім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы ерекше білімді қажет ететінбалаларды жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.

Байжанова Гүлсім,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби

даму институтының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<