Инновациялық экожоба

547

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушысы, Kyzylorda Hub кәсіпкерлік орталығының резиденті Саят Өрікбаев «Smart Bench» жобаcын іске асыруда.

Smart Bench –  күн батареяларынан қуаталатын «ақылды»  орындық. Мақсаты – күн сәулесімен жұмыс істейтін орындықтарды орнату арқылы кампус ландшафтын өзгерту.

– Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қызметкерлері мен студенттеріне арналған инновациялық экожобаның дайын үлгісі бас оқу ғимаратының жанына орнатылды. Бұл жоба арқылы өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсартуға септігімді тигізгім келеді.  Smart Вench күн панельдері орнатылғаннан кейін қолдануға толық дайын болады,–  дейді Саят.

Айта кетейік, «CHEVRON» компаниясы ұйымдастырған «Sustainability LivingLab» жобалар сайысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Темірлан Абжанов пен Саят Өрікбаев жобаларын таныстырып, грант иеленген болатын.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<