Инновациялық жоба – табысты кәсіп көзі

1483

0

Биылдан бастап «Бизнес старт» кәсіпкерлік орталығы  республикалық бизнес инкубаторлар жүйесіне енгізілген болатын. Осы бағдарламаға сәйкес «QazІnnovation» АҚ еліміздегі жас кәсіпкерлердің инновациялық жобаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдайды. Аталған грант электронды өндіру, жасыл және қаржылық технологиялар, робототехника, IT салаларына бағытталған.  Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев хабарлады.

– Бизнес идеяларды іске асыруда қолдау танытып келе жатқан. Оның алғашқысы – технологиялық коммерцияландыру бойынша 20 млн.теңгеге дейінгі қаржыландыру гранты. Басты шарт – жеке кәсіпорын жобаның мөлшеріне сай өзінің атынан 10 пайыз қаржы салуы керек. Сондай-ақ, жобаны іске асыру мерзімі  – 6 ай. Екінші грант – жұмыс істейтін кәсіпорындардың  IT технологияларды енгізуге арналған гранттық бағдарламасы. Жобаны қаржыландыру мөлшері – 100 млн. теңге және 36 ай мерзімде толық іске асырылуы керек. Келесі грант жалпы технологиялық құрал-жабдықтарды алуға бағытталған 400 млн теңгелік бағдарлама. Мұнда жеке қаржыландыру мөлшері  «QazІnnovation» АҚ бірнеше бағыт бойынша қайтарымсыз грант тағайындайды келісім шарт бойынша 30 пайыз, ал құрал-жабдықтарды алуға 50 пайыздан төмен болмауы қажет. Соңғы гранттық жоба – кластерлердің технологиялық дамуына арналған 800 млн теңгелік бағдарлама. Жобаға жеке қаражат ретінде 20 пайыз қаржы салу тиіс. Жалпы әр жобаны өз мерзіміне сай орындап, қайтарымсыз грант арқылы кәсіптерін дамытуға болады, – деді Жанарыс Түбекбаев.

Инновациялық грант – экономиканың басым секторларында, яғни өнім өндіру мен қызмет көрсету салаларында шағын қалалар, моноқалалар және де ауылдық елді мекендерде өзінің кәсібін ашқысы келетіндерге мол мүмкіндік береді. Былайша айтқанда талапкер өзінің тұрғылықты жерінде жоқ кәсіп түрін ашуы қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<