Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды

224

0

Фото: Арал ауданының әкімдігі

Арал ауданының әкімі А. Оңғарбаевтың төрағалығымен аудандағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы жөнінде мәжіліс өтті. Алдымен аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Р. Жанаев ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар жөнінде баяндады.

Биылғы жылы аудан көлемінде 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын 3 жоба іске қосылады деп жоспарлануда.Атап айтар болсақ, жеке кәсіпкер Аманжолов Жұбаныштың “Ылғал майлықтар өндіру цехын ашу», «Sinooil» ЖШС-нің Батыс Қытай – Батыс Еуропа автодәлізінің бойынан «Жанар-жағармай бекетінің» құрылысы, «Қарашалаң Балық» ЖШС-нің «Арал ауданында балық зауытын салу» жобалары.

Бұдан бөлек 2025 жылға 4 жоба іске қосылады деп жоспарлануда.Мәжіліс барысында аудан басшысы инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайына тоқталып, жоба бастамашыларынан іске қосылуына кедергі келтіретін мәселелерді сұрады. Сондай-ақ, аудан экономикасына оң әсерін тигізетін, халықтың игілігіне арналған жобалардың маңыздылығына орай, жұмыстарды жеделдету қажеттігін айтып өтті.

Жиын қорытындысымен аудан әкімінің жауапты орынбасарына жоспарланған жобалардың іске қосылуы үшін тиісті шаралар қабылдап, бақылауда ұстау жүктелді.

Сонымен бірге жауапты сала басшыларына жер телімін табыстау, инфрақұрылым тартуды қажет ететін жобаларға қатысты ұсыныс енгізу тапсырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<