«Сұр түсті реңк» режимі iPhone-да iOS 8 шыққанда пайда болды. Қолданушыға бұл функция смартфонға тәуелділіктен айығуға көмектеседі, дейді психологтар. Экранды сұр түсті етіп өзгерту үшін, «Баптаулар» → «Негізгі» → «Әмбебап мүмкіндік» → «Дисплей адаптациясы» командаларын орындау керек. Кейін «Түс фильтрлері» бөліміне өтіп сұр түс реңкін қосу керек.





