Наурыз айының 5 күні қаладағы техникалық дүкендердің біріне белгісіз біреу кіріп, телефондарды қарап, сөреде тұрған «iPhone 12 PRO» маркалы ұялы телефонын көріп болған соң, қалтасына жасырын салып ұрлап кеткен. Бұл туралы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Басқарманың криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдерінің кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары нәтижесінде телефон ұрлығы ізі суымай ашылды. Келіп түскен мәлімет бойынша оқиға орнына барған полиция қызметкерлері күдіктіні жедел құрықтады. Ол 27 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<