«Іргесі бекем ел» жобасы аясында экспедиция басталды

805

0

Ел аумағында «Іргесі бекем ел» жобасы аясында арнайы экспедиция жұмысы басталды. Бұл туралы жоба жетекшісі Ғалымжан Өтелбайұлы хабарлады.

Зерттеу тобының негізгі мақсаты – бес мемлекетпен шектесетін шекара іргесіндегі елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, демографиялық ахуалы мен тұрақты дамуына ықпал ететін өзекті мәселелерді анықтау. Елді мекен тұрғындарының тыныс-тіршілігі, шаруашылық кәсібі, саяси көзқарасы, менталитеті, тілі, этникалық мәселелері, идеологиялық тұтастығы мен сәйкестігі және тағы басқа тақырыптар негізге алынады.

«Жобаға түрлі салада қызмет ететін тәжірибелі әлеуметтанушы, саясаттанушы, қоғамтанушы мамандар мен еріктілер тартылып отыр. Экспедиция жұмысы шамамен 3 айға жоспарланды. Нәтижесінде зерттеу жинағы шығарылып, танымдық фотокөрме ұйымдастырылады. Жоба сәтті шықса, тақырып бойынша анықталған өзекті мәселелер билік назарын аудартып, бұл тиісті мемлекеттік органдарға көмекші құрал болады деп сенеміз», – дейді Ғ.Өтелбайұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<