Ірі ақталған күріш өндірушілерге айыппұл салынды

451

0

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Қызылорда облысы бойынша 6 ірі ақталған күріш өндіруші және көтерме саудада өткізуші нарық субъектілеріне қатысты тергеп-тексерулер жұмыстары жүргізілді.

Тергеп-тексеру нәтижесінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабына сәйкес аталған нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінен, яғни ақталған күрішті көтерме сауда өткізу барысында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылық деректері анықталды.

Осыған орай, аталған субъектілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар рәсімделіп, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотына жолданды.

Нәтижесінде, соттың қаулыларына сәйкес жоғарыда көрсетілген нарық субъектілерінеҚазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзушылығын жасау бойынша кінәлі деп танылып, сот шешімімен жалпы 67 942 133теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Алмасхан Мадиев,

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және

дамыту агенттігінің Қызылорда

облысы бойынша департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<