Ірі көлемде ақша жымқырған банк қызметкері 7 жылға сотталды

322

0

Фото: ашық дереккөз

ҚР ҚМА Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті екінші деңгейлі банктердің бірінің филиалы кассир-бақылаушысына қатысты сеніп тапсырылған бөтен мүлікті өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты жымқыру дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық істі тергеген болатын.

Атап айтқанда, 2019 жылдың желтоқсан айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейінгі аралықта банк бөлімшесінің кассир-бақылаушысы материалдық жауапты тұлға бола отыра, бейнебақылау жүйесі қамтымайтын жерді біле тұра, қайта есептеу кассасынан ақша қаражатын жүйелі түрде жымқырып келген.

Сондай-ақ оның банкоматтарға салуға арналған кассеталарға ақшаны толық салмай келгені анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сот ісі аяқталды. Күдікті Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып 7 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<