Қазіргі таңда есірткімен күрес әлемнің күрделі проблемаларының біріне айналды. Бұл бағытта тек Қазақстан ғана емес, бүкіл ел жұмыла жұмыс істеуде. Осы орайда, бұл кеселмен қоғам болып күресу және алдын алу жұмыстары жүгізіліп келеді. Тіпті аталған дертпен күресуге жауапты мекеме мамандары да белсенді атсалысады. Солардың бірі Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Нұрлан Жанарыстан.
Ол Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына белсенді атсалысуда. Жоспар аясында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында есірткіні пайдалану және құқық бұзушылық салдары туралы ақпарат таратуға бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазалы аудандық білім бөліміне қарасты жалпы орта білім беру ұйымдарында құқықтық түсіндірме жұмыстары, кәмелетке толмағандар арасында маскүнемдіктің, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың, темекі шегудің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Жоспарға сәйкес өткізілген іс-шараларға №17, №25, №70, №94, №98 №102, №170, №225, №249,№266 орта мектептер белсене қатысты. Өткізілген түрлі байқаулар мен сайыстарда жеңімпаз және жүлдегер атанған мектептер облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қаншама іс-шараны ұйымдастыруда, оқушыларға тәрбиелік бағыт-бағдар беруде маманның еңбегі зор. Осылайша білікті кадр нашақорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосып жүр.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<