Ислам институты ашылды

730

0

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты ашылды. Ашылу салтанатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, институт жұмысына сәттілік тіледі.

ҚМДБ төрағасы басқарма биыл жеті бағыт бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарып келе жатқанын, соның бірі діни білім және ғылым бағыты екенін алға тартты.

– Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыты саналатын бұл сала бойынша биыл бірқатар маңызды іс-шаралар атқаруды жоспарладық. Жыл басындағы бағдарлық баяндамамда елордадан арнайы терең діни білім беретін «Ислам орталығын» ашуды ұсынған болатынмын. Бұл орталықтың мақсаты – имамдарға терең білім беру, классикалық еңбектерді оқыту, араб тілін жетік меңгеруіне ықпал ету, діни мәселелерді түсіндіру қабілетін ашу, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти оқу орнында Нұр-Мүбарак университетін, ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледжерді тәмамдаған түлектер мен имамдар білімін тереңдете алатынын, ас қариларды жігерлендіру мақсатында институт жанынан ижаза беру орталығы ашылғанын атап өтті. Сонымен қатар, салтанатты шараға жиылған көпшілікке Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры қызметіне Бағдат Манабаевтың тағайындалғанын хабарлап, қызметіне табыс тіледі.

Салтанатты шара барысында абайтанушы-ғалым, профессор Ғарифолла Есім, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<