ІТ-мамандардың орташа айлығы қанша

281

0

Фото: ашық дереккөз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сенаттың жалпы отырысында ІТ-мамандардың орташа айлығы қанша екенін айтты.

«2023 жылы Қазақстанда IT-индустрия қарқынды өсіп, жұмыс іздеушілер үшін ең тартымды салалардың біріне айналды. IT-компаниялар саны 17 922-ге жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11% артық», – деді министр.

Оның айтуынша, IT мамандарының орташа айлық жалақысы 588 мың теңгеге жеткен.

«Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 пайыз артық. IT-секторындағы жұмыспен қамту көрсеткіші де 12 пайызға артып, 187 мың адамға жетті», – деді Жаслан Мәдиев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<