Бүгінгі технологияларды ғана емес, келешекте пайда болатын технологияларды қолдануға бағытталған оқытудың мазмұнын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып табылады.
Оқыту үдерісіне білім алушылардың күнделікті өміріне жаңа IT технологияларды енгізуге, түрлі оқу пәндерін оқытудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін VR және AR технологияларының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы филиалдың тренері Маржан Смағұлова «Телефондарыңызды алыңыздар, камерасын қосыңыздар» тақырыбында шебер-сынып ұйымдастырды.
Қазіргі кезде AR технологиясы әртүрлі салаларда қолданылып жүр. Білім беру нысандарын AR (augmentedreality) негізінде цифрландыру технологиялары біздің елімізге жаңадан енгізіліп жатқан, зерттеуді қажет ететін, технологиялық құрал болып табылады. AR – қоршаған ортаны толықтырып жақсарту үшін ақпаратты компьютерлік бағдарламалардың көмегімен өңдеу. VR – виртуалды шындық. Виртуалды және толықтырылған кеңістіктегі реалды әлем туындылары – әлемдегі озық технологиялардың бірі.
Шебер-сыныптың тәжірибелік бөлімінде VR/AR виртуалды және толықтырылған шынайылықты білім беруде қалай қолдануға болатындығы көрсетілді. Бұл технологияның классикалық тәсілдерге қарағанда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыратыны сөзсіз. VR/AR бастауыш сынып оқушылары үшін де, жаңа мамандықты игеруге немесе бар дағдыларды жетілдіруге шешім қабылдаған адамдар үшін де тиімді.
Шебер-сыныпқа қатысушы тренерлер VR/AR технологиясының иммерсивті құрылғысы – дулығаның көмегімен виртуалды әлемге еніп, нақты әлемде қатысып отырғандай әсер алды.
Сонымен қатар, шебер сынып барысында Nearpod, Mentimeter, Canva бұлтты технологияларды пайдаланып, сабақты тиімді ұйымдастыру әдістері таныстырылды. Шара соңында мобильді құрылғының ZipGrade қосымшасының көмегімен тиімді кері байланыс алуды тәжірибе жүзінде көрсетті.
Алдағы уақытта «Өрлеу» оқытушылары мен мамандары педагогтердің кәсіби дамуындағы жаңа идеялар мен оқытуды дамытудың жаңа тәжірибелерімен бөлісетін болады.
Маржан Смағұлова,
«Өрлеу» Қызылорда облысы
бойынша филиалының
аға оқытушысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<