Италия Еуроодақ елдеріне шекарасын ашады

1086

0

Италия 3 маусымнан бастап Еуроодақ елдеріне шекарасын ашады. Сондай-ақ, ұшып келген шетелдіктер екі апталық карантинге жатқызылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

Билік органдары эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты оқшаулауды алып тастау туралы шешім қабылдады. Шекараны тездетіп ашу жөнінде елдің 14% ІЖӨ-ні қамтамасыз етіп отырған елдің туристік саласы өтінген.

Дегенмен билік органдары, эпидемиологиялық жағдай нашарлайтын болса, бұл мерзім кейінге шегерілу мүмкін екендігін ескертеді. Айта кетсек, Италия Еуроодаққа кірмейтін елдердің қонақтарына кем дегенде маусымның ортасына дейін жабық күйінде қала бермек. Бұл шектеудің қашан және қандай жағдайда алынып тасталатындығын Еурокомиссия шешетін болады.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<