«Итке сүйек лақтырғандай». Ырысбала Икрамбай Назарбаев қорының медалінен бас тартты

512

0

Фото: ашық дереккөз

23 қаңтарда Астанада «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Үміткерлер арасында шымкенттік блогер Ырысбала Икрамбай да болған. Бірақ ол ұйымдастырушылардың әрекетіне ренжіп, сыйлықтарын алмай қойды, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақiасында жазды.

«Астанада Назарбаев қорының ұйымдастыруымен алтыншы мәрте «Қайырымдылық керуені» өтті. Соған мені Шымкент қаласының әкімдігі ұсыныпты. Оларға рахметімді айтамын. Астанадағылар мен секілді қайырымдылықпен айналысып жүргендерді іріктеген. Әрбір өңірден келген жұмыстармен танысқан. Мен республикалық деңгейге өтіппім. Сосын мені марапаттау рәсіміне шақырды. Таңертең репетиция болады. Алтыншы рет өтсе де, соны ұйымдастырушылардың қай жерлерімен ойланатынын түсінбедім. Атқарылған қайырымдылыққа бірінші, екінші, үшінші орын деп орындар тағайындаған. Сонда қайырымдылық адамның берген орынымен бағалана ма? Қайырымдылық деген ең бірінші Алланың разылығы үшін жасалады», — дейді Ырысбала Икрамбай.

Оның айтуынша, ұйымдастырушыларының әрекеті көңілін қалдырған.

«Сіздер оны қалай орынмен бөлесіздер? Менің істеп жатқан қайырымдылық жұмыстарымды «Мейірім жолында» деген номинацияның үшінші орынына лайық деп таныдық деп тұр. Өзі 7 номинация бар екен. Сендер қайырымдылыққа орын беретін кімсіңдер? Бұл не деген ақымақтық? Ол баста орын беретінін білмеппім. Әйтпесе, мұндай ақымақ істеріне барып, үлесімді қоспайтын едім. Маған орынды да, бағаны да беретін халық. Ақымақ бас екі аяқтың соры деп Астанаға дейін келдім. Үшінші орын үшін беріп жатқан сертификат, қола медалі бар екен, итке сүйек лақтыратындай үлестіретін сыйлықтары маған керек емес. Үшінші орынды алып, өз құнымды түсірмеймін. Сендер үшін қайырымдылық істеп жатқан жоқпын деп, есікті тарс жауып кетім қалдым», — дейді блогер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<