04.08.2021 жылы кешкілік уақыт 22.30 шамасында 17 жастағы Архабай Саламат Маратқызы белгісіз бағытқа қарай кетіп қайта оралмаған.
Жасөспірім 3 топ мүгедегі.
Ерекше белгілері: бойы 140-150 см, шашы қызыл-қара. Киген киімдері: ақ футболка, джинсы шорты, кроссовка. Жасөспірім қыз жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Кезекші бөлімі 29-75-20 телефонына немесе #102 арнасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз.
Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы кәмелетке толмаған жасөспірімді іздеп табу мақсатында облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің шатырларын, саяжайларды, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттарды, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде.
Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағынан 6 қызметкер, 1 қайық- моторымен, сіңгіру құрал жабдықпен, бір кинологиялық есеппен 06.08.2021 жылы сағат 06:25 минуттан іздестіру жұмыстары жүргізілуде ,ішкі істер қызметі тарапынан 80-90 қызметкер, «Жомарт» ҚБ еріктілерімен Сырдария өзенінің жағалауын іздестіру жұмыстары жұргізілуде
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<