Қызылорда қаласа бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық «Ясауитану» байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Нұржан Әсілханұлы қатысып, өрендерге сәттілік тіледі.
Дәстүрлі байқауға 6-11 сынып оқушылары арасында 25 оқушы қатысып, облыстық кезеңге ереже бойынша 3 оқушыға жолдама берілді.
Байқаудың негізгі мақсаты қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру.
Сайысқа www.azretsultan.kz веб-сайтында жарияланған 40 хикметті жаттаған оқушылар бақ сынады және осы сайтта жарияланған сұрақтарға жауап беру арқылы өзара мықтыны анықтады.
Республикалық байқаудың нәтижесі бойынша жүлделі І орындарды №10 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Мырзабекова Інжу, №197 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қуанышбай Гүлім және №267 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Серік Айна облыстық кезеңге жолдама алды.
Дәстүрлі байқауға қатысқан оқушылар арнайы алғыс хатпен марапатталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<