Экология мәселесі – басты назарда

503

0

Биыл аймақта қоршаған ортаны қорғау мақсатында 69 нысанға бақылау шарасы жүргізілді. Онда ластанудың 5 дерегі анықталып, жалпы аумағы 2971,5 шаршы метр ластанған жер қалпына келтірілді. Бұл туралы облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Садықов баяндады.

– Осы жылы «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ жүзеге асырған ғарыштық мониторинг нәтижесімен 74 рұқсатсыз қалдық орны анықталып, оларды түгел жойдық. Департаменттің жүйелі жұмысының арқасында мұндай орындар жыл сайын азайып келеді. Мемлекеттік экологиялық бақылау қызметі «Байқоңыр» кешеніндегі объектілерді де қамтиды. «Байқоңыр» кешеніндегі 9 объектіге жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізіліп, анықталған 5 заң бұзушылықты жою жөнінде ұйғарым берілді, – деді Нұрбек Қыдырәліұлы.

«Байқоңыр» кешеніндегі өзекті мәселе – қала және Төретам кенті мен «Ақай» ауылдық округінің маңайындағы құрылыс қалдықтарын жою. Бұл Қазақстан-Ресей арасындағы «Байқоңыр» кешені жөніндегі 7-үкіметаралық комиссия отырысында қаралды. Комиссия шешімімен 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы бекітіліп, 12 652,7 м3 қалдық жойылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<