Экология мәселесі күн тәртібінен түспейді

143

0

Өткен сенбіде Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев облыс тұрғындарымен кездесті.

Жастар ресурстық орталығында вице-министр алдымен жеке қабылдау өткізді. Одан кейінгі шара тұрғындармен жүздесуге жалғасты. Оған жергілікті департамент, инспекция және орман шаруашылығы мекемелерінің басшылары қатысты.

Кездесуде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов аталған салада атқарылған жұмыс барысымен таныстырды.

Тұрғындар Арал теңізінің экологиялық мәселесі, Мемлекет басшысының алдағы бес жыл ішінде 1,1 млрд түп сексеуіл егу тапсырмасының орындалуы туралы сауалдар қойды. Сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді пайдалану тақырыбы әңгіме өзегіне айналды. Оған вице-министр және жергілікті мамандар тұшымды жауап берді.

Н.Шәрбиев көтерілген мәселелердің өте өзекті екенін атап өтті. Бұл министрлік және жергілікті атқарушы органдардың жіті бақылауында тұрғанын жеткізді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<