ҚР Премьер-Министрінің 29.06.2024 жылғы «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу өткізуінің кейбір мәселелері туралы» № 93-өкімімен бекітілген кестеге сәйкес, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Шәрбиев Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесу Қызылорда қаласы Ы.Жахаев көшесі 24 үйде орналасқан «Достық үйінде» 2024 жылдың 30 қарашасында сағат 10.00-де өткізіледі.
Кездесу бойынша проблемалық сұрақтар мен ұсыныстар туралы Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 231961, 235087 телефондарына хабарласуға және сұрақтар мен ұсыныстарды kzl_oti@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауға болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<