Ашығын айту қажет аудан мен ауыл тұрғындарының талап-тілектері жыл сайын кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бастысы, түсіністік танытып, асығыстық қылмау қажет.
Өткен жылы аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Ақсуат ауылының тұрғындарымен есепті кездесу өткізген тұста Байқожа елді мекенінің халқы ауылдағы электр желісін жаңартуды, бағаналардарың ескіруіне байланысты ауыстыру керектігін және ауыз су мәселесін айтқан болатын. Бұл мәселеге қатысты аудан басшысы уақытымен реттелетінін ескертіп, жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Ендігі аталған түйткіл шешімін тауып, байқожалықтар үшін жағымды жаңалықтың ауылы жақындап келеді. Олай дейтініміз, қазіргі таңда елді мекенде 3,5 шақырымға 89 дана бағаналар орнатылып жатыр. Одан бөлек, қуаттылығы 250 ква болатын жаңа трансформатор да қойылатын болады.
Соған сәйкес бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев елді мекенге арнайы ат басын бұрып, жүріп жатқан жұмысты өз көзімен көріп қайтты. Жауапты мамандарға тиянақты жұмыс жасай отырып, жеделдетуді айтқан аудан басшысы тиісті тапсырмаларды берді.
Қазалы электр торабы мекемесінің бастығы Әнуар Райымбектің айтуынша, бұл жұмыстар жақын күндері аяқталады.
Мұхтар Әуесұлы елді мекенге сапары кезінде ауыл тұрғындарымен де кездесті. Мемлекет басшысының қолдауымен және облыс әкімінің қадағалауымен ауыз су мәселесі шешімін тауып, қазірде Байқожа топтық су құбырының жұмысы жүріп жатқанын айтты.
Айта кетейік, жоба жұмысы толық аяқталатын болса 62 шақырым магистральдық су құбыры жүргізіліп, Әйтеке би кентіне тәулігіне 4500 текше метр ауыз су жеткізіліп, су тапшылығы мәселесі оң шешімін табатын болады. Сонымен қатар, магистральдық құбыр бойында орналасқан 8 елді мекен: Ақсуат, Майлыбас, Қызыләскер, Көбек, Ойынды, Алтай, Байқожа, Еңбекшіқазақ сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<